Мұратхан Тоқмәди "Тұран Әлем Банкінің" экс-басшысын өлтіргенін мойындады

482

Мұратхан Тоқмәди "Тұран Әлем Банкінің" экс-басшысын өлтіргенін мойындады

Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті атып өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды КТК.

Таразда 13 жылдан кейін кісі өлтіргенін мойындаған Мұратхан Тоқмәдидің ісіне қатысты аты шулы сот процесінің алғашқы тыңдалымы өтті. 

Мұратхан Тоқмәди "Тұран Әлем Банкінің" бұрынғы басшы Ержан Тәтішевті қасақана жазым еткенін 13 жылдан кейін мойындап отыр. 

Белгілі кәсіпкердің бұған дейін үш жылға сотталғанын айта кетейік. Ол өткен жылы бірнеше ауыр баптар бойынша айыпталып, бірақ кінәсін мойындап, әрі тергеуге көмек бергені үшін жазасы едәуір жеңілдеген. Ал, бұл жолы адам өлтіру бабы бойынша айыпталған Тоқмәди тіпті өмір бойына түрмеге жабылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу