Мусин "Сбер" жасайтын платформаны өзіміз де жасай алатынымызды айтты, бірақ уақыт керек

2027

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуына қарағанда, цифрлық трансформацияны енді өзіміз жасауымыз мүмкін.  

Мусин "Сбер" жасайтын платформаны өзіміз де жасай алатынымызды айтты, бірақ уақыт керек

"Геосаяаттың салдарынан біз әлі шешім қабылдаған жоқпыз. Одан ("Сбер" компаниялар тобымен келісімнен – авт.) бас тартамыз ба, әлде басқа технологияға көшеміз бе?... Бірақ платформаға көшеміз. Алайда олармен бе (Сбер – авт.), әлде... Өзіміз жасауымыз ықтимал. Себебі бір жылдың ішінде сараптама жұмыстарын жүргіздік. Өзіміз де жасап шығуымыз ықтимал. Өйткені оған қаражат керек. Талқылап жатырмыз. Сіздерге бір айдың ішінде толық ақпарат беремін", деді Бағдат Мусин Мәжіліс кулуарында журналистерге. 

Мусин "Сбер" компаниялар тобы платформаны аз уақытта жасап шығу үшін таңдалғанын, асықпайтын болсақ алдағы үш-бес жылда өзіміз де жасай алатынымызды алға тартты.

Еске сала кетсек, ресейлік Сбермен Қазақстанның цифрлық трансформациясы жөнінде келісімге қол қою күн тәртібінде тұрмағаны бұған дейін хабарланған болатын.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу