"Майкөбе-Вест" ЖШС: Көмірдің бір тоннасын алты мең теңгеден жібереміз

1202

"Майкөбе-Вест" ЖШС: Көмірдің бір тоннасын алты мең теңгеден жібереміз

Павлодар облысындағы "Майкөбе-Вест" ЖШС алғаш рет өнімнің 30 пайызын қарағандылық жеке кәсіпкерлерге жөнелтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Аталмыш серіктестіктің коммерциялық директорының орынбасары Мүслім Балпақовтың айтуынша, көмір разрезі былтырғы жылға қарағанда өнімді көбірек өндіруде.

"Бүгінгі таңда көмір разрезінде біз штатты түрде жұмыс істеп жатырмыз, - дейді Мүслім Балпақов. – Өнімнің жетіспеушілігі жоқ. Дүрлігудің пайда болуы ерте түскен аяздың салдарынан болу керек, себебі салқын түскен сәтте халық бірден көмір алуға ұмтылады. Бұл қалыпты жағдай. Жалпы, күніне біз 260 КамАЗ-ды толтырып жібереміз. Өткен жылғымен салыстырғанда 500 мың тоннадан аса артық көмір шығарудамыз".
Оның айтуынша, 26-қазандағы жағдай бойынша "Майкөбе-Вест" разрезінде 2 миллион 884 мың 848 тонна көмір шығарылған. 2016 жылғы дәл осы кезде шығарылған көмір көлемі 2 миллион 322 мың 671 тоннаны құраған. Қыркүйектің ортасынан қарашаның ортасына дейін көмірге деген сұраныс қарқыны бәсеңдемейді.
Айта кетейік, Майкүбен разрезінен шыққан көмір негізінен Қазақстан Республикасы мен Ресей энергетикасына, коммуналды тұрмыстық қажеттіліктерге, бюджеттік ұйымдарға және Батыс Қазақстан облысынан басқа аймақтарға, көршілес жатқан Ресей елінің Алтай, Омбы өңірлеріне тасымалданады.
"Биыл көмір алып жатқан жеке кәсіпкерлердің 30 пайызы Қарағанды өңірінен келді. Мұндай жағдай бұрын соңды болмаған. Сол себепті жергілікті тұтынушылар кезекте көп тұрып қалып, көмір кешіктіріліп жеткізіледі. Өнімнің бір тоннасын алты мең теңгеден жібереміз", - дейді Мүслім Балпақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу