Мұсылман елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі талқыланады

1364

27-29 тамыз аралығында Сауд Арабиясында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы бас ассамблеясының екінші сессиясы өтеді.

Мұсылман елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі талқыланады

"Қазақстандық делегацияны ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бастап барады. Мұсылман елдері ауыл шаруашылығы министрлері бас қосатын кездесуде негізгі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылайды. Тәжірибе алмасу, инвестицияларды дамыту және технологиялар трансфертін енгізе отырып, ұзақ мерзімде азық-түлік қауіпсіздігін дамыту мен нығайту үшін ұжымдық алаң құру мақсатында нақты шаралар қабылдайды", – деді ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

"Бас Ассамблеяның төрағасы мен төрағасының орынбасары, сондай-ақ тең құқылы аумақтық өкілдік қағидаттары негізінде осы ұйымның бас директоры және атқарушы кеңестің мүшелері сайланады", – деді Айбек Смадияров.

Қазіргі кезде құрамында 33 мүшесі бар Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы 2011 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен осы елдердің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін қамтамасыз етуге байланысты кең ауқымды мәселелерді шешу үшін құрылған. Штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу