Мұсылман елдеріндегі Израиль елшілері жаппай елге қайтарылып жатыр

390

Израиль Бахрейн, Иордания мен Мароккодағы елшілерін елге қайтарды.  

Мұсылман елдеріндегі Израиль елшілері жаппай елге қайтарылып жатыр Фото: Anadolu Ajansı

Ал Түркиядағы Израиль елшісі елдегі толқуларға байланысты елге қайту туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

Израиль Таяу Шығыстағы кейбір елшіліктерді, соның ішінде Бахрейн астанасы Манамадағы елшілікті эвакуациялады, делінген KAN Израиль мемлекеттік теледидарының сайтында жарияланған хабарламада.

Израильдің Иордания астанасы Аммандағы елшілігі де сыртқы істер министрі Эли Коэн мен СІМ Бас директорының нұсқауларына сәйкес эвакуацияланды.

Кеше Израиль Мысырдың әртүрлі қалаларында ұйымдастырылған ереуілдерден кейін қауіпсіздік мақсатында Каирдегі елшілігін де эвакуациялады.

Ал Израильдің Анкарадағы елшісі Ирит Лилиан Түркиядан уақытша кетіп, Израильге оралу туралы шешім қабылдады.

Анадолу агенттігі алған ақпаратқа сәйкес, кейін жалпы елшілік қызметкерлерін Израильге қайтару туралы шешім қабылданды

Хабарламада дипломаттардың Израильге уақытша оралуы туралы айтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу