Мұсылмандар зираты бір үлгіге келтірілді

1497

 Мұсылмандар зираты бір үлгіге келтірілді

Шығыс Қазақстан облысында мұсылмандар зираты бір үлгіге келтірілді, деп хабарлайды altaynews.kz.
Өскеменнің іргесіндегі Самсоновка ауылының маңында орналасқан мұсылмандар зираты соңғы жылдардан бері біркелкі етіліп, бірыңғай тәртіппен тұрғызылып келеді.
"Біздің облыста әр аудандардың өзінде жерлеу жоралғылары бірдей емес. Біреулер жердің ыңғайына қарай, енді біреулер құрылыс материалдарының түріне қарай қабірді, бейітті әртүрлі етіп қазып, көтеріп жатады. Сондықтан, бейіттерді жинауда шариғат талаптарына сай мұсылмандық жоралғылар сақталып, қамтылсын деген шарт ең басты мақсатымыз болды", – дейді Самсоновка ауылының жанындағы бейіттерді ретке келтіріп, жұртқа осы мұсылмандар зираты жабдығының қызметін көрсетіп отырған жеке кәсіпкерліктің иесі Бауыржан Құсайынов.
Бірыңғай үлгідегі бейіттерді салуға 225 мың теңге жұмсалады.
Есік және басқа да қосымша сәулеттік нышандар қойғысы келгендер үстінен тағы ақша төлейді. Бауыржан Құсайынов атап көрсеткендей, "Жер қатынастары туралы" Қазақстан заңының 139-бабында өмірден қайтқан Қазақстан азаматына 6 шаршы метр тегін жер берілетіндігі жазылған. Яғни қаза болған адамдарға жер тегін беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу