Төтенше жағдай жөніндегі министрі азаматтық қорғау генерал-лейтенанты Юрий Ильиннің бұйрығымен мұз астына түскен екі баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Тараз қаласы ПБ ЖПҚб ЮПТ кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Қайрат Тұрлыбаев Қазақстан Республикасы ТЖМ-нiң "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.
Кәмелетке толмағандар жөніндегі полиция инспекторы әдеттегідей жұмысқа бара жатқан еді. Санырақ батыр көшесімен каналдың жанынан өтіп бара жатып, көліктің сәл ашық терезесі арқылы балалардың көмек сұрап айқайлағанын естіді. Жақынырақ келгенде, шамамен 9-10 жастағы екі ұл баланың мұздың шетінен ұстап, айқайлап, белінен суық суда батып тұрғанын көрді. Полиция қызметкері суға түсіп, балаларды бірінен соң бірін шығарып, үйіне ата-анасына апарды.
- Сол сәтте мен бір ғана нәрсені ойладым: ең бастысы – балаларды тез арада құтқару,- дейді лейтенант Тұрлыбаев.