Ерлан Жүнісбай 1976 жылы туған. Білімі жоғары.
1998 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын "Драма және кино актеры" мамандығы бойынша тәмамдады.
Ал 2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Гуманитарлық ғылымдар магистрі" дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2001 жылы "МузАрт" тобының директоры болып бастаған.
2003-2007 жылдары "Қазақ әуендері" АҚ "Қазақконцерт" концерттік бірлестігінің менеджері, 2009-2016 жылдары "Қазақ әуендері" АҚ "Қазақконцерт" концерттік бірлестігінің бас менеджері, 2017-2020 жылдары "GG CINEMA" ЖШС директоры қызметтерін атқарған.
Өнер саласындағы жетістіктері үшін "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен және "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталған.