"Мұзбалақ" анимациялық фильмі Чехияда көрсетіледі

2017

Мультфильм "Панорама" бағдарламасында көрсетіледі.

 "Мұзбалақ" анимациялық фильмі Чехияда көрсетіледі

Режиссер Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының "Мұзбалақ" атты толықметражды анимациялық фильмі Чехияның Злин қаласында өтетін 59-шы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер ХКФ "Панорама" атты конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіледі, деп хабарлайды ortcom.kz.

Фестиваль 2019 жылғы мамырдың 24-і мен маусымның 1-і аралығында өтеді.

Айта кетсек, Zlin Film Festival ­– балалар фильмдеріне арналған әлемдегі ең ескі әрі ауқымды кинофестиваль. Фестиваль аясындағы көрсетілімдер Злин қаласынан бөлек Чехияның басқа да қалаларында жүреді. Жыл сайын фестиваль аясында 50-ден астам елден келген 300-ге жуық фильм көрсетіледі. 2010 жылдан бастап фестивальді тамашалауға 95 мыңнан астам адам барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу