"Мұзбалақ" Еуропада "Үздік анимациялық фильм" жүлдесімен марапатталды

1439

Отандық анимациялық фильм DIAF жүлдесін иеленді. 

"Мұзбалақ" Еуропада "Үздік анимациялық фильм" жүлдесімен марапатталды

"Мұзбалақ" анимациялық фильмі Германияның анимациялық фильмдер институты (DIAF) тағайындаған  "Үздік анимациялық фильм" жүлдесімен марапатталды, деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Қазанның 7-і мен 13-і аралығында Германияның Хемниц қаласында өткен 24-ші Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған Schlingel кинофестивалі өтті. Осы фестивальде
"Мұзбалақ" DIAF тағайындаған "Үздік анимациялық фильм" жүлдесімен марапатталды.   

Айта кетсек, Schlingel халықаралық фестивалін Германияның балалар мен жасөспірімдер жөніндегі Саксон қызметі ұйымдастырған. Биыл бұл байқауда 52 елден келген 233 балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу