Мұздағы мотожарыс бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы белгілі болды

1587

Мұздағы мотожарыс бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы белгілі болды

Астанада 3-4 ақпанда "Алау" мұз сарайының жабық базасында өткен "Мұз гладиаторларының" қызықты жарысына, 4500 көрермен жинады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еліміздің астанасына Австрия, Германия, Ресей, Швеция елінен спорт делегациясының өкілдері келді. Стартқа ұзын-саны ең үздік 18 мотожарысшы шықты. Ал Қазақстаннан бұл жарысқа wild-карта бойынша тәжірибелі спортшылар Андрей Шишегов, Павел Некрасов, Владимир Чеблоков қатысты.  

Жарыстың алғашқы күні мотожарысшылар арасындағы шайқас өте тартысты түрде өтіп, финалдың бірінші кезеңде Швеция өкілі дебютант Мартин Хаарахилтунен ресейлік үш мотожарысшыға төтеп беріп, екінші орынды жеңіп алды. Ал финалда қолданыстағы әлем чемпионы Дмитрий Колтаков топ жарып шықты.  

Мұз бетіндегі мотожарыс бойынша әлем чемпионатының жекелігінің екінші күніндегі қорытындысы бойынша жүлделі орындарды ресейлік спортшылар өзара бөлісті. Дмитрий Колтаков бірінші орынды иеленсе, Сергей Карачинцев екі ұпай ғана кем болып, екінші орынға тұрақтады, үшінші орынды Даниил Иванов, төртінші орынды шведтік Мартин Хаарахилтунен жеңіп алды.

Жарыстың екінші күні қазақстандық тәжірибелі спортшы Владимир Чеблоков көрермендерді өзінің керемет жарысымен қуантып, 19 айналымда жақсы нәтижемен көрінді. Алайда Владимир қолданыстағы чемпион Дмитрий Колтаковты алға жіберіп алғанымен, австриялық Франк Цорн мен шведтік Стефан Свенсонды басып озып, екінші болып келді.  

Бірінші финалдың қорытындысы бойынша Ресей Федерациясының спортшылары көшбасшы болып танылды, ал немістер мен австриялықтар үшін бұл жарыс аз ұпай және төмен көрсеткішпен аяқталды.  

2018 жылы Спидвей бойынша әлем чемпионатының жеке есебінің финалы Халықаралық мотоциклет федерациясының (FIM)  бес кезеңі бойынша өткізіледі. Ең бірінші әрі беделдісі Астанада өтті, келес старт Ресейде, Германия мен Нидерландияда өтпек. Әлем чемпионатының командалық есебі Ресейдің Шадринск қаласында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу