Музыка тыңдауға әуес жүргіншілерге арналған мобильді қосымша ойлап табылды

800

Музыка тыңдауға әуес жүргіншілердің өмірін сақтауға арналған мобильді қосымша ойлап табылды.

Музыка тыңдауға әуес жүргіншілерге арналған мобильді қосымша ойлап табылды

Елімізде жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол апаттары көбеймесе, азаймай отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Мәселен, Астанада жыл басынан 170-тен астам жол көлік оқиғасы тіркелген. Зардап шегушілердің айтарлықтай бөлігі құлаққап таққан жастар. Жол полициясының қызметкерлері осылай дейді. Құрылғыны құлағынан шешпейтін олар, көбіне сыртқы дыбысты естімей, соңы қайғылы жағдайға алып келеді. 

Кез келген құрылғының пайдасы мен зияны болатыны белгілі. Алайда құлақты бітеп тұратын түймедей ғана құлаққаптың кесірі көп екенін біреу білсе, біреу біле бермес. Біріншіден, дербес құрылғыны ұзақ уақыт бойы пайдалану салдарынан адамның басы айналып, есту қабілеті нашарлай түседі. Дыбысты шамадан тыс зорайтпау туралы тіпті смартфонның өзі ескертеді. Екіншіден, айналадағы дыбысты анық естімей, соңы түрлі қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу