Музыкант Дархан Жүнісбековтің денесі ертең Пхукеттен Алматыға жеткізіледі

932

24 ақпан күні Darkhan Juzz лақап атымен танылған музыкант қайтыс болғаны белгілі болды. Тайланд полициясының мәліметіне сай, Дархан Жүнісбеков 24 ақпанда Пхукет аралында опат болды.    

Музыкант Дархан Жүнісбековтің денесі ертең Пхукеттен Алматыға жеткізіледі Фото: Instagram/d.juzz

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Darkhan Juzz-дің денесі 28 ақпан күні Пхукет-Алматы рейсімен жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Отандасымыз Дархан Жүнісбековтің денесі 28 ақпан күні Алматыға Air Astana компаниясының Пхукет-Алматы рейсімен жеткізіледі. Жеткізу шығынын компания өз мойнына алды. Тайландтағы шығындарды отандасымыздың достары төлеген", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін Дархан Жүнісбековтің продюсері әлеуметтік желілер арқылы қаржы жинап жатқаны туралы хабарланған еді.

Айбек Смадияровтың айтуынша, жиналған қаражат марқұмның туыстарына беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу