Мьянма әскерилері 400 адамды босатты

808

Жетекші партияның басшылығы мен оның  жетекшісі Аун Сан Су Чжи әлі де үй қамағында.

Мьянма әскерилері 400 адамды босатты Фото: reuters.com

Мьянма әскери күштері бұрын ұсталған 400-ге жуық адамды босатты. Бостандыққа жіберілгендердің қатарында парламент депутаттары бар.Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады. 

Әскерилер босатылғандарға үйлеріне оралуға бұйрық берген. Жетекші партияның басшылығы мен оның  жетекшісі Аун Сан Су Чжи болса, әлі де үй қамағында.
G7 елдерінің Сыртқы істер министрлері Мьянмадағы мемлекеттік төңкерісті айыптап отыр. Олар елде жарияланған төтенше жағдай режимін тоқтатуға, демократиялық жолмен сайланған үкіметтің билігін қалпына келтіруге және барлық ұсталғандарды босатуға үндеді.

Еске сала кестек,1 ақпандағы төңкеріс барысында Мьянманың мемлекет басшылары ұсталғаннан кейін, әскерилер бір жылға төтенше жағдай жариялаған еді. Елдегі "демократияны қолдайтын Ұлттық лига" деп аталатын жетекші партияның өкілі Мио Ньюнт Мьянма көшбасшысы, мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжи, сондай-ақ ел президенті Вин Мьин қамауға алынғанын айтқан болатын. Әскерилер әзірге вице-президент Мьинт Швені елдің президенті етіп уақытша тағайындады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу