Мяньма БҰҰ миссиясын елге кіргізбеді

1291

Мяньма БҰҰ миссиясын елге кіргізбеді

Мьянма билігі Біріккен ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнаулы мүшелерінің Ракхайн штатындағы рохиньялық мұсылмандарға қатысты этникалық қысым көрсету бойынша қылмыстық істерді тексеруге кіргізбеді, деп хабарлайды kazislam.kz.

Бұл туралы Мьянманың сыртқы істер министрінің орынбасары У Чжо Тин мәлімдеді.

"Елге миссия мүшелерінің кіруіне рұқсат беруден бас тарту туралы нұсқаулық құжат жақында жарияланады" делінген шенеунік мәлімдемесінде, деп жазады Myanmar Times басылымы. Ол сондай-ақ, Мьянма еліне миссия мүшелеріне виза бермеу туралы қаулы елдегі әлемнің барлық елшіліктеріне жіберілетінін де жеткізді. Айта кету керек, жуырда Мьянма билігі өздері тексеріс жүргізіп, қорытындысын әлемдік қауымдастықтарға ұсынатынын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу