Мьянмада бортында 122 жолаушысы бар әскери ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды khabar.kz. Әуе кемесінің бортында 122 жолаушысы болған, оның 15-і бала. Әскерилер отбасыларымен оытраған бұл ұшақ елдің оңтүстігіндегі Мьей қаласынан шығып, Янгон шаһарына бет алған екен. Бірақ, Андаман теңізінің үстінде байланыс үзілген. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстарына 6 кеме және 3 ұшақ жұмылдырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу