Мьянмада Facebook бұғатталды

812

Шектеу 7 ақпанға дейін созылмақ. 

Мьянмада Facebook бұғатталды

Мьянмадағы төңкерістен кейін наразылық бәсеңдемеді. Осы орайда әскери үкімет халықтың Facebook әлеуметтік желісіне кіруіне уақытша тыйым салды. Сонымен қатар Instagram, Whatsapp және Facebook Messenger де бұғатталды. Кей мәліметтерге сәйкес, бұл шектеу 7 ақпанға дейін созылмақ. 

1 ақпанда әскерилер төңкеріс барысында Мьянманың мемлекет басшыларын қамауға алып, бір жылға төтенше жағдай жариялаған еді. Қазір билік Қарулы күштердің бас қолбасшысы Мин Аунг Хлайнның қолында. Ал президенттің қызметін вице-президент Мьинт Шве атқарып жатыр. Бұған дейін әскерилер 400-ге жуық адамды (қатарында депутаттар бар) босатқан еді. Бірақ "демократияны қолдайтын Ұлттық лига" деп аталатын партияның басшылығы мен оның жетекшісі Аун Сан Су Чжи әлі де үй қамағында.

АҚШ, Аустралия, Британия, ЕО және БҰҰ қамаудағыларды босатуға үндеп отыр.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу