Мьянмада қиранды астында қалған әйел төрт күннен кейін құтқарылды

405

Ол үйінді астында 91 сағат жатып, аман қалды.

Мьянмада қиранды астында қалған әйел төрт күннен кейін құтқарылды Фото: Myanmar Fire Services Department

Мьянмада жер сілкінісі кезінде құлаған қонақ үйдің астында қалған әйел төрт күннен кейін құтқарылды. Құтқару жұмыстарының бұлай жай жүріп жатқанына елдегі жалғасып жатқан азаматтық соғыс кедергі келтіріп жатқан көрінеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елдегі жағдайға байланысты мемлекетте зардап шеккендердің бәріне көмек көрсетуге қажетті ресурстар жетіспейді екен. Көптеген адам ашық аспан астында, электр жарығы мен ауызсуға қолжетімсіз жағдайда түнеуге мәжбүр.

Соған қарамастан, Мьянма әскери хунтасы гуманитарлық көмек көрсету үшін атысты тоқтату туралы ұсынысты қабылдамады. Елде ұрыс қимылдары әлі де жалғасып жатыр. Құтқару жұмыстарына Ресей, Қытай, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бірнеше елден келген құтқарушылар жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу