Мьянмада мектепке жасалған әуе шабуылынан 22 адам қаза тапты

109

Көз жұмғандардың басым көпшілігі – балалар.

Мьянмада мектепке жасалған әуе шабуылынан 22 адам қаза тапты Фото: UN News

Мьянмада ауыл мектептерінің біріне әуеден шабуыл жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мьянма әуе күштерінің әскери ұшағы жергілікті уақыт бойынша 12 мамыр күні сағат 10:00 шамасында аталған ауылға әуеден соққы берген.

Шабуылға ұшыраған мектептің мұғалімі AFP агенттігінің тілшісіне оқиға салдарынан 20 оқушы мен 2 мұғалімнің қаза тапқанын айтқан.

"Балаларды аман алып қалуға тырыстық, бірақ ұшақ оған үлгертпестен бомба тастады", - деді ол.

Ауылдың білім беру қызметкері де қаза тапқандардың санын растады. Ал Мьянма әскери үкіметі оқиға жайлы әзірге мәлімдеме жасамады.

Сагаин аймағы – 28 наурыздағы жойқын жер сілкінісінің эпицентрі. Зілзаладан кейін қалпына келтіру және қайта құру жұмыстарын жүргізу үшін әскерилер 31 мамырға дейін уақытша бітім жариялаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу