Мьянмада төрт белсенді өлім жазасына кесілді

596

Бұл – 1976 жылдан бергі алғашқы үкім.

Мьянмада төрт белсенді өлім жазасына кесілді

Мьянма әскери күштері Демократия жолындағы Ұлттық лиганың (NLD) бұрынғы депутаты Ко Пьо Зейя Тоны, Белсенді Чжо Мин Ю тағы екі адамды терроризмге қарсы заңға сәйкес өлім жазасына кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

The Irrawaddy басылымының дерегінше, өлім жазасы өткен демалыс күндері орындалған. Ко Пьо Зей То мен Чжо Мин Ю 2021 жылдың соңында ұсталып, қаңтарда айында Янгондағы қарулы қарсылық операцияларын ұйымдастырғаны үшін өлім жазасына кесілген болатын.

Бұл – 1976 жылдан бері саяси диссиденттердің алғаш рет өлім жазасына кесілуі. Ол кезде, яғни Ни Вен билікте болған уақытта Янгондағы Инсейн түрмесінде этникалық студенттердің жетекшісі Чин Салай Тин Маунгке осындай үкім шығарылған болатын.

2021 жылғы 1 ақпанда Мьянма әскери күштері елде төтенше жағдай енгізілгенін және оның басшылығы ауысқанын жариялады. Әскер өкілдері 2020 жылдың қараша айында өткен парламенттік сайлаудың әділетті өтпегенін мәлімдеді. Ол саяси додада Демократия жолындағы Ұлттық лига жеңіске жеткен еді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу