Мьянмада жапондық журналист 10 жылға сотталды

540

Құқық қорғаушылардың айтуынша, Мьянмадағы саяси қақтығыстардан кейін кем дегенде 122 журналист ұсталды. Олардың 48-і әлі де қамауда.

Мьянмада жапондық журналист 10 жылға сотталды Фото: www3.nhk.or.jp

Мьянма соты жапондық журналист Тору Куботаны 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабаралайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Елдегі билікті басып алған хунтаға қарсы халық наразылығын түсірген Кубота осы шілдеде Рангунда ұсталды. Оған армияға қарсы арандатушылық жасады, электронды байланыс туралы заңды бұзды деп айып тағылды.

2021 жылы американдық журналист Дэнни Фенстер ұқсас айыптар бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ сол жылдың қараша айында ол кешіріліп, елден қуылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу