Мьянмада жарты миллиард доллар тұратын есірткі отқа жағылды

531

Мемлекет осылайша есірткімен күреспек.

Мьянмада жарты миллиард доллар тұратын есірткі отқа жағылды Фото: Синьхуа

Мьянма есірткіні қолдану мен олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күніне орай елдің түкпір-түкпірінен алынған, құны 446,05 миллион доллар тұратын есірткіні жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, Янгон, Мандалай және Таунджи қалаларында тәркіленген есірткі жағылды.

Мьянманың Ішкі істер министрі Со Хтут елдің мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін есірткі мәселесін теңгерімді шешу үшін дәйекті шаралар қабылдап жатқанын айтты. Оның айтуынша, апиын көкнәрін өсіру, синтетикалық есірткі өндіру және оларға сұраныс мәселелерін шешу үшін арнайы жұмыс топтары құрылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу