Мьянмадағы ереуіл кезінде 107 адам қаза тапты

963

Оның жетеуі – балалар.

Мьянмадағы ереуіл кезінде 107 адам қаза тапты

27 наурызда Мьянмада өткен ереуіл кезінде әскерилер 107 адам өлтірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы БҰҰ дерегіне сілтеме жасап. Ұйымның мәліметіне сенсек, ажал тапқандардың жетеуі – балалар. 

"Төңкеріске қарсы ереуілдер басталғаннан бері ең көп адам қаза тапқан күн болды", – деп жазылған хабарламада.

Қауіпсіздік күштері кем дегенде 107 адамды, оның ішінде жеті баланы өлтірген. Мәлімдеме авторларының айтуынша, құрбандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін.

БҰҰ-ның геноцидтің алдын алу жөніндегі арнайы кеңесшісі Элис Ндериту және адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Қауіпсіздік Кеңесін осы жайтқа қатысты шара қабылдауға үндеді. Сонымен қатар олар АСЕАН мен халықаралық қауымдастық Мьянма халқын қорғау үшін жедел шаралар қабылдау керектігін жариялады. 

1 ақпанда әскерилер төңкеріс барысында Мьянманың мемлекет басшыларын қамауға алып, бір жылға төтенше жағдай жариялаған еді. Әскери күштер 2020 жылғы сайлау нәтижелері жаппай бұрмаланды және азаматтық билік оны тергеуге құлық танытпады дегенді алға тартып, осындай қадамға барды. Әскери үкіметтің басшылары бір жылдан кейін сайлау өткізіп, билікті саяси додада басым түскен партияға беруге уәде берді.

Төңкерістен кейін Мьянманың көптеген қалаларында күн сайын әскери билікке қарсы жаппай наразылықтар өткізіліп келеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: asia.nikkei.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу