Мьянмадағы ереуілдер кезінде қаза тапқандар саны 510-ға жетті

596

2574 адам қамауға алынған.

Мьянмадағы ереуілдер кезінде қаза тапқандар саны 510-ға жетті

Мьянмадағы қауіпсіздік күштері мен наразылық шараларына қатысқандар арасындағы қақтығыстар кезінде қаза тапқандар саны 510-ға жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Мьянманың саяси тұтқындарына көмек көрсету қауымдастығының мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

5 ақпанда әскери билікке қарсы жаппай наразылықтар басталып, әлі күнге дейін басылмай келеді. Ереуілдер елдің бірқатар қаласын шарпыды. Құрбандардың саны тағы да өсуі мүмкін. Өйткені ереуілдерге қатысқандар туралы ақпарат әлі де жиналып жатыр. Қауымдастықтың дерегі бойынша, қамауға алынған адамдардың жалпы саны 2574 жеткен. Бірақ бұл – тек ресми түрде айып тағылғандары, тұтқындалғандардың қатары бұдан да көп болуы мүмкін. 

1 ақпанда әскерилер төңкеріс барысында Мьянманың мемлекет басшыларын қамауға алып, бір жылға төтенше жағдай жариялаған еді. Олар "демократияны қолдайтын Ұлттық лига" деп аталатын партияның басшылығы мен оның жетекшісі Аун Сан Су Чжи әлі де босатпай отыр. Әскери күштер 2020 жылғы сайлау нәтижелері жаппай бұрмаланды және азаматтық билік оны тергеуге құлық танытпады дегенді алға тартып, осындай қадамға барды. Әскери үкіметтің басшылары бір жылдан кейін сайлау өткізіп, билікті саяси додада басым түскен партияға беруге уәде берді.

АҚШ, Аустралия, Британия, ЕО және БҰҰ қамаудағыларды босатуға үндеп отыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: frontiermyanmar.net

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу