Мьянмадағы төңкерістен кейін ТЖ жарияланды

624

Әскерилер вице-президент Мьинт Швені уақытша елдің президенті етіп тағайындады.

Мьянмадағы төңкерістен кейін ТЖ жарияланды

Мьянманың мемлекет басшылары ұсталғаннан кейін, әскерилер бір жылға төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы Sinhua агенттігі хабарлады. Сайлаудағы заңсыз әрекеттер әскерилерді осындай қадамға баруға мәжбүрлеген.

Бұған дейін елдегі "демократияны қолдайтын Ұлттық лига" деп аталатын жетекші партияның өкілі Мио Ньюнт белгісіз біреулер Мьянма көшбасшысын, мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжиді, сондай-ақ ел президенті Вин Мьинді қамауға алғанын айтқан болатын. Ньюнттің сөзінше, ұсталғандардың қатарында аймақтардағы партия өкілдері мен бірқатар шенеунік бар.

Әскерилер вице-президент Мьинт Швені уақытша елдің президенті етіп  әзірге тағайындады.

2020 жылдың қараша айында Мьянмада сайлау өткен болатын. Саяси додада "демократияны қолдайтын Ұлттық лига" партиясы жеңіске жетті. Бірақ "ынтымақтастық және одақты дамыту" партиясын қолдайтын әскерилер сайлаудың нәтижесін жоққа шығарды. Сол кезде олар заңсыздықтарға байланысты "шара қолданамыз" деп мәлімедеме жасаған еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу