Мьянманың бұрынғы басшысы тағы алты жылға сотталды

596

Жалпы Аун Сан Су Чжиге кем дегенде "18 қылмыс жасады" деген айып тағылды.

Мьянманың бұрынғы басшысы тағы алты жылға сотталды

Мьянманың бұрынғы мемлекеттік кеңесшісі Аун Сан Су Чжи сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тағы алты жылға бас бостандығынан айырылады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ол До Хин Чжиге қорының қаражатын пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол денсаулық сақтау мен білім беру саласын қолдауға бағытталған ұйымның қаражатын үй салу және мемлекеттік жерді жеңілдетілген бағамен жалға алу үшін пайдаланған.

Жалпы Аун Сан Су Чжиге кем дегенде "18 қылмыс жасады" деген айып тағылды. Оның парақорлықпен айналысып, сайлау кезінде заң бұзғаны анықталды.

2021 жылдың желтоқсанында Мьянма соты Аун Сан Су Чжиді әскердегі келіспеушіліктерді ушықтырғаны және COVID-19 дертінің алдын-алу ережелерін бұзғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырған еді. Қаңтарда ол коронавирустық шектеу ережелерін бұзғаны үшін тағы екі жылға сотталды. Сәуір айында "пара алды" деген айып тағылып, оны бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу