"Мықты "ОПГ" болса, еститін едік қой": Депутат "Хутор" бандасы туралы айтты

495

Халық қалаулысы Хасан Қасымбаевты тани ма?

"Мықты "ОПГ" болса, еститін едік қой": Депутат "Хутор" бандасы туралы айтты Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров "Хутор" бандасы аталып кеткен топқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Егер мықты ОПГ (ред. – ұйымдасқан қылмыстық топ) болса, аты шыққан жігіттер болса, еститін едік қой. Қазақстанда тоқсаныншы жылдардағы аты шыққан жігіттерді бәріміз білеміз. Оның бәрі әлеуметтік желінің кесірінен, "сондай бандиттер болған деген сияқты" соларға тиеп жатқан болуы мүмкін. Көшеде кім төбелеспей жатыр қазір?", - деді Ардақ Назаров Мәжіліс кулуарында.

Депутат Хасан Қасымбаевты танымайтынын баса айтты.

Тілшілер мәжілісменнен "Хасанның ұйымдасқан қылмыстық тобы жоқ деп есептейсіз бе?" деп сұрады.

"Менің хабарым жоқ. Егер аты шыққан өте мықты ОПГ болса, біз осы уақытқа дейін еститін едік қой. Желіге шыққан Шерзаттың өлімінен кейін барлығы соны Хасанға таңып жатыр, оның ОПГ-сы деген сияқты. Мұның бәрін құзыретті орган зерттеуі керек", - деп атап өтті Ардақ Назаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу