Мықтылар спорттан кеткен жыл

902

2021 жылы бірқатар айтулы спортшылар белсенді спорттан қол үзді. Бұл туралы ҰОК сайтында жарияланған жыл қорытындысында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мықтылар спорттан кеткен жыл

Дзюдодан Рио олимпиадасының, әлем чемпионатының қола жүлдегері Отгонцецег Галбадрах, еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дәулет Ниязбеков, танымал дзюдошы Елдос Жұмақанов, Лондон олимпиадасында 5-орынға тұрақтаған балуан Ғалымжан Өсербаев осы жылы спортпен қош айтысты. "Үлкен дулыға" турнирлерінің финалисі Ярослава Шведова да биыл спорттағы ғұмырына нүкте қойды. Ал жаңа жыл қарсаңында даңқты боксшы Василий Левит өзінің спорттан қол үзетінін мәлімдеді. 

Өкінішке қарай, жыл басында белгілі шаңғышы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько жол апатынан қаза тапты. Өтіп бара жатқан жылда спорт бапкері және функционері Темірхан Досмұхамедов, Вячеслав Шапран (волейбол), Фанас Салимов (футбол), Альберт Линдер (ауыр атлетика), белгілі спорт комментаторы Аманкелді Сейітхан, Евгений Пупков (хоккей), Қазбек Әшляев (бокс бапкері), Станислав Лунин (футбол) сияқты тұлғалар бақилық болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу