Бір мың отбасыға көмек көрсетті

891

Бір мың отбасыға көмек көрсетті

Рухани келісім күні 15-тен астам қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдері Астана қаласындағы тұрмысы төмен 1000 отбасыға көмек көрсетті. Акция "Рухани жаңғыру – береке-бірлік жолы" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының аясында өтті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Рухани келісім күні елімізде жыл сайын зор қайырымдылық шараларымен қатар аталып өтеді. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, еріктілер әлеуметтік тұрғыдан тұрмысы төмен отбасыларына мың азық-түлік жиынтығын таратып берді. Сонымен қатар, Қазақстанның Қызыл жарты ай қоғамының өкілдері шеберлік сыныбын өткізді", - деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Қазақстанның Қызыл жарты ай қоғамы – әлемдегі ірі гуманитарлық ұйым Халықаралық Қызыл жарты ай және Қызыл крест ұйымының бөлігі болып табылады. Олар әскери қақтығыстар, төтенше жағдайларда, бейбіт кезеңде көмек көрсетеді. Қызыл жарты ай өкілдері түрлі елдердегі еріктілердің жұмыс ерекшеліктерімен таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.

Айта кетейік,  Астанада "Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Ұйымдастырушылары Астана қаласының әкімшілігі, Дін істері жөніндегі басқарма мен "Мәдениет арқылы бейбітшілікке қол жеткізу" атты халықаралық қауымдастық. Конференция аясында Еуразия халықтары қауымдастығының отырысы, рухани мәдениеттің әлемдік форумы президиумының дөңгелек үстелі, Қазақстан, Ресей, Италия және басқа елдердің халық әртістерінің қатысуымен  рухани келісім күніне арналған гала-концерт өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу