Мыңадыр стансасының тұрғындары: "Балаларымыз спортзалда ойнап, үйірмелерге барғысы келеді"

170

Қазір қолданыстағы мектеп толып кеткен, қажетті оқушы санына сәйкес келмейді. 

Мыңадыр стансасының тұрғындары: "Балаларымыз спортзалда ойнап, үйірмелерге барғысы келеді" Фото: Mebel.kz

Ұлытау облысындағы Мыңадыр стансасында жаңа мектеп құрылысы халық санының қарқынды өсіп келе жатқанын ескере отыра, мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұдан бөлек, мектепте спорт залы жоқ. Ал жаңа 80 орындық мектептегі кабинеттер сапалы білім беру процесімен қамтамасыз ету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталып, қолданыстағы мектеп жүктемесін жеңілдетеді.

"Мектебіміз заманауи талаптарға сай емес. Оқушылар саны жыл сайын көбейіп келеді. Осыған байланысты заман талабына сай жаңа мектептің салынуы біз үшін өте маңызды. Бізге спорт залы қажет. Мысалы, қыста балалар дене шынықтыру сабағын кабинетте өткізеді. Балалар спорт залында ойнап, түрлі үйірмелерге қатысқысы келеді. Бірақ бұның ешқайсысы қарастырылмаған. Мен көпбалалы анамын. Барлық ата-ананың арманы балаларымыз осы жерде 11-сыныпқа дейін оқыса дейміз. 9-сыныптан кейін балаларды басқа жерлерге, бөтен адамдардың үйінде тұруға жібергіміз келмейді. Бұл көптеген қолайсыздық тудырады. Сондықтан заманауи талаптарға сай мектептің салынуын сұраймыз", — деп атап өтті Мыңадыр стансасының тұрғыны Манар Ақантай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу