Мыңдаған адам қауіпсіз аймаққа көшірілді

927

Мыңдаған адам қауіпсіз аймаққа көшірілді

Канаданың Британдық Колумбия провинциясында 14 жылдан бері алғаш рет төтенше жағдай жарияланды. Бұған аймақта тұтанған орман өрті себеп болды. Қызыл жалынның таралуына байланысты мыңдаған адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, деп хабарлайдыkhabar.kz.

 Жергілікті өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, қазір өрттің 138 ошағы анықталған. Аптап ыстық пен желге байланысты өртті тоқтату қиынға соғып тұр. Тілсіз жаудан әсіресе Ашкрофт қаласы қатты зардап шекті. Жергілікті билік тұрғындарға төтенше жағдай қызметі мамандарының нұсқауларын орындап, қауіпті аймақтан дер кезінде көшуге кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу