"Мыңдаған ірі қара мал Ресей жаққа өтіп кеткен": Депутат Қазталов халқының мұңын жеткізді

366

Сол жердегі халықтың негізгі күнкөрісі – мал шаруашылығы. 

"Мыңдаған ірі қара мал Ресей жаққа өтіп кеткен": Депутат Қазталов халқының мұңын жеткізді Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Қазталов ауданындағы халықтың мәселесін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов мен Ресейдің шекарасында 40 шақырымның үстінде шекара белгіленбеген де, сым да жоқ. Сол жердегі халықтың күнкөрісі – мал шаруашылығы. Биыл қыстың өзінде 1500-2000-дай ірі қара мал сол жаққа өтіп кетіп, адамдар зардап шегіп отыр. Сол жердегі малшылар "өздеріміз шекараны салып алайықшы" деп айтып отыр. Сол бағытта бір қозғалыс бар ма?", – деп сұрады депутат.

Бұл сұраққа Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров жауап берді.

"Қазталов өткізу пункті бойынша біз Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, биыл 33 өткізу пункті бойынша бізге тапсырма берілді, оны толығымен іске асырып жатырмыз. Келісімшартқа қол қойылды, 2026-2027 жылдары бітетін болады", – деді Мақсат Қалиақпаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу