Мыңдаған босқын Мексикадан АҚШ шекарасына қарай бағыт алды, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың дені – әйелдер мен балалар. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, босқындар көші Мексиканың солтүстік шекарасынан басталған.
Мигранттар АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскенге дейін шекарадан өтуге ниетті.
Жаңа президент билікке отырса, Америкаға өту шектеле ме деп қауіптенеді. Бұған дейін Трамп заңсыз көші-қонға қарсы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген еді. Бастама іске асса, шамамен 20 млн босқын Америкадан қуылуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу