Шекара қызметінің мәліметінше, олардың көлігін тінту барысында жалпы салмағы 100 кг-нан асатын 983 киік мүйізі табылған.
"Ұсталған адамдар жақын шетелге жөнелте отырып, дериваттармен сауда жасады деген күдікке ілінді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп жазды ведомстводан.