Мыңға жуық жас педагог "Келешек мектептерінде" жұмыс істеуге өтінім берді

167

Тестілеуге еліміздегі 5 педагогикалық жоғары оқу орнының түлектері қатысты. 

Мыңға жуық жас педагог "Келешек мектептерінде" жұмыс істеуге өтінім берді Фото: astanatv.kz

"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мәліметінше, іріктеуге қатысу үшін 917 өтінім түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Үміткерлер тестілеу барысында пәндік білім деңгейімен қатар, әлеуметтік және эмоционалдық құзыреттері бойынша да бағаланады.

Нәтижесінде, үздік нәтиже көрсеткен 540 түлектің электронды портфолиолары career.orleu.edu.kz цифрлық платформасына жүктелді. Бұл – жас педагогтерді әділ әрі тиімді іріктеуге арналған заманауи құрал. Платформа тек "Келешек мектептері" директорлары үшін қолжетімді. Осылайша, олар өңірлік қажеттілікке, пәндік бағытқа және үміткердің кәсіби дайындығына сәйкес педагогті іріктей алады.

Айта кетейік, жас педагогтерді іріктеу жұмысы алдағы уақытта да жалғасады. Әсіресе, білікті кадрларға сұраныс жоғары өңірлерге басымдық беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу