Мыңнан астам азамат табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алған

1549

Жетісай ауданында жалған құжат жасатып, бала санына төленетін 21 мың теңге жәрдемақыны алған 1005 тұлға анықталып отыр. 

Мыңнан астам азамат табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алған

Түркістан облысы Жетісай ауданында 2019-жылдың басынан бері 9 мыңға тарта отбасы мемлекеттен тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізген болса, солардың 2471-і бала санына байланысты 21 мың теңгеден мемлекеттік жәрдемақы алған.

Салаға жауапты мамандарының мәліметінше, Жетісайда жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке мемлекет тарапынан 2 млрд 475 млн теңге қаралыпты. Өтініш берушілердің басым бөлігі өздеріне тиісті соманы бүгінде алып қойған.

Дегенмен, аудан аумағында табысын жасырып, жалған құжат жасатып бала санына төленетін 21 мың теңге жәрдемақыны алған 1005 тұлға анықталып отыр. Олардың 300-не мемлекеттен алған қаржыны қайтару туралы ескерту беріліпті.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу