Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Министрдің айтуына қарағанда, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізіміне енгізілмеген дәрілердің қолжетімділігін арттыру үшін осы жылғы 7 шілдедегі Халық денсаулығы туралы Кодекске өзгерістер енгізілді.
Өзгеріске сәйкес, ауылдық денсаулық сақтау нысандары базасында дәріхана пункттерін құру көзделді. Аталған норма 5 қыркүйектен бастап күшіне енді.
"Кейінгі екі ай аралығында ауылдық елді мекендердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек жанындағы сегіз дәріхана пунктінің 59 дәріханасына лицензиялар және оған қосымшалар берілді", – дейді министр.