Мыңнан астам студенттің оқу ақысы кейінге қалдырылды

871

Сонымен қатар студенттер ай сайын мемлекеттік стипендия алады. 

Мыңнан астам студенттің оқу ақысы кейінге қалдырылды

Қаланың арнаулы орта оқу орындарының мыңнан астам студентінің оқу ақысын төлеу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан колледждерінің жатақханада тұратын өзге қалалық 50-ге жуық студенті қашықтан білім алуда. Оларға флеш-карталар, роутерлер, сондай-ақ азық-түлік жеткізілді.

"Сонымен қатар студенттер ай сайын мемлекеттік стипендия алады. Бүгінде колледж әкімшілігіне өтініш білдірген мыңнан астам студентке оқу ақысының уақыты 2020 жылдың тамыз айына дейін ұзартылды", – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу