Мыңжылқы шатқалында адасқан 2 ер адам аман-есен табылды

185

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жіберіліп, іздестіру жұмыстары жүргізілді.  

Мыңжылқы шатқалында адасқан 2 ер адам аман-есен табылды Фото: Бейнежазбадан

Түркістан облысының Төлеби ауданында Мыңжылқы шатқалына барған екі ер адам таудан қайтып оралмай, із-түзсіз кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1997 және 2001 жылы туған азаматтар Қасқасу ауылынан шамамен 20 шақырым жерде орналасқан мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында болған.

ТЖМ құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, екі ер адамды да аман-есен тапты. Олар бақылау-өткізу пунктіне жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ тауға шығар алдында бағытты алдын ала жоспарлап, ауа райын бақылауды және жақындарға сапар бағыты туралы хабарлауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу