Мырзағали Айтжанов бокстан ерлер құрамасын қайтадан жаттықтырады

1326

Мырзағали Айтжанов бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері болды. Ол өз еркімен қызметінен кеткен Қайрат Сәтжановтың орнына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Мырзағали Айтжанов бокстан ерлер құрамасын қайтадан жаттықтырады Фото: egemen.kz

Қазақстан бокс федерациясы Қайрат Сәтжановқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, еліміздің Ұлттық құрама командасының жаңа тәлімгері Мырзағали Айтжановқа әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында бұдан да үлкен жетістіктерге жетуін тіледі.

Мырзағали Айтжанов ұлттық құрама командасын 2009-2018 жылдар аралығында басқарды. Осы кезде Лондондағы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев чемпион және Вэл Баркер кубогының иегері атанды, Рио-де-Жанейродағы ойындарда Данияр Елеусінов осы жетістікті қайталады.

Ол бас бапкер болған жылдары Қазақстан боксшылары әлем чемпионаттарында 5 алтын медаль (2013 жылы – 4, 2017 жылы – 1) жеңіп алған.⠀

Мырзағали Айтжанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу