"Мырзағали өз шәкіртіне қызын ұзатты": Айтжанов пікір білдірді

638

Махмұд Сабырханның қайын атасының есімі де – Мырзағали. Бірақ фамилиясы Есқұлов.

"Мырзағали өз шәкіртіне қызын ұзатты": Айтжанов пікір білдірді Фото: Olympic.kz

7 қыркүйекте бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді. Көпшілік қалыңдықтың әкесі Мырзағали болғандықтан бокстан ұлттық құраманың экс-бапкері Мырзағали Айтжановпен шатастырып жүр. Осыған бапкер өзі жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мырзағали Айтжанов қызының танымал боксшыға тұрмысқа шыққаны туралы ақпарат жалған екенін Берік Сұлтан есімді Instagram қолданушысының парақшасында айтты.

"Көптеген адам хабарласып, жаңалықты жіберіп жатыр.  Өзім аң-таң болдым. Тойға барғанбыз. Мырзағали деген өзімнің аттас інім шақырған. Соның қызының ұзату тойына бардым. Тілегімізді айттық. Үйленіп жатқан жігіт - өзіміздің жақын ініміз, шәкіртіміз - Махмұд Сабырхан", - дейді Мырзағали Айтжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу