"Мырзекең светін өшіріп, есігін жауып кеткен бокс": Бақыт Сәрсекбаев қазақ боксының қазіргі жағдайы туралы

4880

Бейжің Олимпиадасының чемпионы дәл қазір бокс тізгінін кім қолға алса да, оған оңай болмайтынын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Мырзекең светін өшіріп, есігін жауып кеткен бокс": Бақыт Сәрсекбаев қазақ боксының қазіргі жағдайы туралы Фото: коллаж inbusiness.kz

"Ағайын, мені қолдап, бокс басшылығына шақырып жатқандарыңызға үлкен рақмет! Мен бокс туралы жазсам, біреудің орнын тартып алайын деп жатыр деп ойбайлайтын хейтерларыма да рақмет! Жазғаным жазған, қоймаймын айта беремін. Қазақ боксы басшысыз қалмас, Айтжанов кетсе Сатжанов келер... Дәл қазір бокс тізгінін алуға кім келсе де, ол кісіге оңай болмасы анық. Мырзекең светін өшіріп, есігін жауып кеткен боксты қайта жандандыруға өте көп күш қажет. Жаңа команда жасақтап, ескі қалдықтардан құтылу да оңай емес. Не де болса қажымас қайрат, үлкен сәттілік тілейік жаңа басшыға!", – деп жазды Бақыт Сәрсекбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Олимпиада чемпионы бұған дейін қазақ боксшыларының физикалық дайындығын сынаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу