Мыс бағасы төмендеді

620

Сәрсенбі күні сауда-саттық барысында Лондон металдар биржасында (LME) мыс бағасы 1,4%-ға төмендеп, бір тонна үшін 7988 долларды құрады.

Мыс бағасы төмендеді Фото: currency.com

Бұл Bloomberg мәліметтері бойынша өткен қарашадан бергі ең төмен мән, деп жазады Inbusiness.kz interfax.ru порталына сілтеме жасап.

“Металл нарығы Қытайдың сәуір айындағы макроэкономикалық мәліметтерінен кейін айтарлықтай қысымға ұшырады, бұл дабыл қағарлық жағдай болып отыр", - деп жазды Citigroup сарапшылары.

Оған қарамастан сарапшылар мыс бағасы тоннасы үшін 10 мың доллар деңгейінде бір жылдан кейін болуы мүмкін деген болжам жасады. 

Екінші тоқсан басынан бастап мыс бағасы шамамен алғанда 11%-ға арзандаған. Бұл ретте LME бақылайтын қоймалардағы мыс қорларының көлемі сәуір айының ортасынан бастап 2 есеге жуық өсті.

Сәрсенбіде LME-дегі мырыш құны 1,9%-ға арзандап, тоннасы үшін 2328,50 долларды құрады. Осылайша ол тоқсан басынан бері шамамен 20%-ға төмендеген. Алюминий 0,6%-ға арзандап, үшінші сессия қатарынан бағасы түсіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу