Мыс қымбаттап барады

981

Мыс қымбаттап барады

Бейсенбіде мыстың құны көтерілді. Дональд Трамптың АҚШ-тағы президент сайлауындағы жеңісіне бірқатар инвесторлардың қуанғанын аталған саудалардан байқай беруге болады, деп жазады "РИА-Новости".

Мәскеу уақымен 09.13-те Comex биржасында мыстың желтоқсандағы фьючерстері 3,11% -ға – әр фунты үшін 2,54 долларға дейін қымбаттады.

Сауда қорытындысы бойынша бір тонна мыстың Лондонның металдар биржасында үш айдан кейін жеткізілетін фьючерстері 3,39%-ға — тоннасына 5413 долларға дейін көтерілді.

Алюминийдің тоннасы 1,27%-ға – 1753 долларға дейін, мырыш – 0,48%-ға, 2490 долларға дейін қымбаттады.

Айта кетейік, Республикалықтар атынан үміткер болған Дональд Трамп 8 қарашада өткен АҚШ президенті сайлауында жеңіске жетті. Сайлаушылардың дауыс беруін қағаз жүзінде рәсімдеу 19 желтоқсанда өтеді, ал 6 қаңтарда Конгресс оның қорытындысы бекітеді.

Жаңа сайланған президентті ұлықтау 20 қаңтарға жоспарланған. Инвесторлардың пікірінше, Трамптың ойға алған саясаты инфрақұрылымдық жобаларға құйылатын инвестицияларды молайтатын секілді.  Бұл өз кезегінде металдарға сұранысты арттыруы мүмкін.

"Нарықтар Трамптың саясатын оң бағалап отыр және ол инфрақұрылымның дамуына алып келеді деп болжайды", – деп келтіреді Мельбурндегі UBS сарапшысы Лахлан Шоудың пайымдамасын Рейтер агенттігі.

Сарапшылар Трамптың жеңісі АҚШ-тың ФРЖ-ның желтоқсанда пайыздық мөлшерлемені көтеретіндігіне күмәнмен қарайды, деп жазады Рейтер. Аталмыш мәселедегі дүдәмалдың өршуі долларды әлсіретіп, сол арқылы өзге валюталар иелерінің мысты арзан бағаға сатып алуына жағдай жасайды. Доллардың индексі (АҚШ-тың негізгі сауда әріптестері болып табылатын алты елдің валюталар кәрзеңкесіне шаққандағы доллардың бағамы) 0,12%-ға, 98,50 пункке төмендейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу