Мыс және мыс қорытпаларының басым бөлігі экспортқа кетуде

2012

Отандық өндіріс үшін тек 7% қалады.  

Мыс және мыс қорытпаларының басым бөлігі экспортқа кетуде

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, өндірілген мыстың 90%-дан астамы экспортталды. Елде жоғары деңгейде өңделетін өнімді өңдеу және өндіру үшін мыстың шамамен 7%-ы қалды. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.

Өңделмеген мыс, қорытпалар және лигатура өндірісі өсуде. 2020 жылдың қаңтарында Қазақстанда 10,7 млн тонна мыс кені өндірілді. Бұл 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 30%-ға көп. Мыс-мырыш кендерін өндіру 549,3 мың тоннаға жетті. Өткен жылмен салыстырғанда 52,4%-ға артық. Сондай-ақ, 1,16 млн тонна мыс концентраты өндірілді (бір жылда 8,7% кем). Мыс концентратындағы мыстың көлемі – 40,2 мың тонна (5,9% кем).

Жалпы, 2019 және 2018 жылғы қаңтар және желтоқсандағы жедел деректерді салыстырғанда, 2019 жылы қазақстандық компаниялар 119,8 млн тонна мыс кенін өндірген. Бұл 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 16,1%-ға артық. Сондай-ақ,  6,05 млн тонна мыс-мырыш кені (25,5% артық), 15,84 млн тонна мыс концентраттары (22,6% артық) және 568,5 мың тонна мыс концентратындағы мыс (2,1% кем) өндірілді.

2020 жылдың қаңтарында қазақстандық компаниялар өңдеу сегментінде 41,44 мың тонна өңделмеген мыс, қорытпалар мен лигатуралар (41,25 мың тонна тазартылған қоспасыз мыс) өндірді. Өндіріс өсімі бір жылда 11,45% құрады. Негізгі өндіріс екі облыста шоғырланған: барлық мыс пен қорытпалардың 84,5%-ы Қарағанды облысында, 13,6%-ы Шығыс Қазақстанда өндірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу