"Мысқылдамай сөйлесін!": Сотталушының әпкесі мемлекеттік айыптаушыны сынады

Бұған дейін сотталушылардың қорғаушылары Шерзат ісіндегі прокурорды ауыстыруды сұрағанын жазған едік. 

"Мысқылдамай сөйлесін!": Сотталушының әпкесі мемлекеттік айыптаушыны сынады Фото: Бейнежазбадан

Сотта сөз алған айыпталушының туысы да прокурор Дана Сәрсенбайдың сөзіне шағымын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Мына қызға (мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайды айтады) айтарым, мысқылдап отыр. Бұл – өте қиын жағдай. Біз бала өлгеннен кейін осы уақытқа дейін ештеңе айтпадық. Саусағыңыз сынса, бір күнде қандай боласыз? Бұл 27 күн бүктетіліп (Дархан Әскентайды айтады) жатты ғой. "Халық қарап отыр, прокуратура қарап отыр, төбеден қарап отыр" деп емханаға жібермеді. Бетінің сүйегі езіліп кетті. Мысқылдамасын! Біз де оңай жағдайда отырған жоқпыз. Мысқылдап сөйлемесін, іштей сөйлеп отыр, – деді сотталушы Дархан Әскентайдың әпкесі Байылхан Бақытжан. 

Өз кезегінде айыпталушы тараптың қорғаушыларынан басталған қарсылыққа прокурордың өзі былай деп жауап берді. 

– Прокурорға қарсылық білдіруге негіздер Қылмыстық-процестік кодекстің 87, 88-баптарында көрсетілген. Барлық қорғаушының айтып тұрған негіздері қарастырылмаған. Сол үшін бұны негізсіз деп санаймын. Мен қарсымын, құрметті сот. Сол үшін өтінішхатты қанағаттандыруды бас тартуыңызды сұраймын, – деді прокурор Дана Сәрсенбай. 

Оны әріптесі, екінші прокурор да қолдады. 

– Құрметті сот, мен әріптесімді толығымен қолдаймын. Қазіргі уақытта қорғаушылармен келтірілген уәждер аталған бапқа сәйкес келмейді. Осыған байланысты өтінішхаттарды негізсіз деп танып, бас тартуыңызды сұраймын, – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу