Мысық тістеген маңғыстаулық әйел құтырма ауруынан көз жұмды

105

Мамандар жануар тістегенде, тырнағанда немесе олардың сілекейі теріге түскен кез-келген жағдайда, тез арада дәрігерге қаралуға және тағайындалған екпе кестесін қатаң сақтауға шақырады.

Мысық тістеген маңғыстаулық әйел құтырма ауруынан көз жұмды   Фото: madarabeauty.ru

Зардап шеккен әйел мысық тістегеннен кейін құтырма ауруына шалдығып, қаза тапқан.

Облыстық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, әйел уақытылы медициналық көмекке жүгінбеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Департаменттің мәліметінше, облыста жыл басынан бері жануарлар тістеген 1300-ден астам жағдай тіркелген.

9 айдың ішінде құтырмаға қарсы вакцина алуға 1 351 адам жүгінген. Оның 52 пайызын балалар, 4,4 пайызын жасөспірімдер, ал 43,4 пайызын ересектер құрайды.

– Көп жағдайда шабуыл жасаушылар – иттер (барлық жағдайдың 64,7 пайызы), ал мысықтардың үлесі – 34,1 пайыз. Иттердің тістеуінен 823 адам, мысықтардың тістеуінен 461 адам, басқа жануарлардың тістеуінен 67 адам зардап шекті, – делінген хабарламада. 

Құтырма ауруына қарсы вакцинаны 801 адам алған, ал 544 науқасқа жарақаттың ауырлығы мен орналасуына қарай жұқтыру қаупі жоғары болған жағдайда қолданылатын иммуноглобулин егілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу