Мысықты әбден қорлаған

1345

Атырауда қылмыстық іс қозғалды.

Мысықты әбден қорлаған

Атырауда мысықты қорлаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол жануарды буындырып, 5 қабаттан лақтырып, одан кейін басын кесіп алған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Қазіргі күні 28 жастағы қала тұрғыны кінәсін толықтай мойындап отыр. Бірақ, оның мұндай қадамға не үшін барғаны түсініксіз. 

Айта кетсек, ол мысығын қылғындырып өлтіріп, жоғары қабаттан лақтырып жіберген. Оған да көңілі көншімей, төменге түсіп, өлі жануардың басын кесіп алады. Мұның барлығын көріп, бейнетаспаға жазып алған көршілері еріктілерді, олар өз кезегінде, тәртіп сақшыларын шақырады. 

"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 316 бабы бойынша тергеу амалдары басталды",- деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз-қызметінен.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу