Мысыр астанасын ауыстырады

1382

Мысыр астанасын ауыстырады

2018 жылдың соңына дейін Мысырдың әкімшілік орталығы қазіргі ел астанасы - Каир қаласынан 45 шақырым қашық орналасқан, құрлысы қарқынды жүріп жатқан жаңа қалаға ауысатын болады, деп хабарлайды islam.kz.

Құрылысы 45 млрд долларға бағаланған жаңа астана тұрғындарының саны 20 млн-ға жеткен Каир қаласына одан ары салмақ түсірмеу мақсатында тұрғызылып жатыр. Басқа себебі жоқ. Жаңа астана Каир қаласымен теміржол арқылы байланысады. Жаңа астананың өз әуежайы болады. Бұл әуежай Таяу Шығыс аймағындағы ең ірі әуежай болмақ. Сондай-ақ, қонақ үйлер мен 25 тұрғын үй кварталы соғылып жатыр. Каир қаласынан жаңа астанаға шамамен 5 млн адам қоныс аударуы мүмкін. Олардың дені мемлекеттік қызметкерлер болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу