Мысыр билігі халық санының артуына қарсы шара қолданбақ

1461

2019 жылы Мысыр халқының саны 100 миллион адамнан асады.

Мысыр билігі халық санының артуына қарсы шара қолданбақ

2019 жылдан бастап Мысыр парламенті елдегі туу көрсеткішін төмендетуге бағытталған заң жобасын қарайды, деп хабарлайды kazislam.kz.

Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы Камад Амердің айтуынша, қазіргі уақытта құжатты комитет мүшелері әзірлеу үстінде.

Жаңа заң жобасы екі баладан көп емес отбасыларды қолдауға бағытталған. Нақты қандай артықшылықтар берілетіні әзірге хабарланбады.

Еске салсақ, Мысыр билігі халық санының көбеюі елдегі ұлттық мәселенің күн тәртібіне шыққанын бірнеше рет мәлімдеген еді. Болжамға сәйкес, 2019 жылы Мысыр халқының саны 100 миллион адамнан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу